Accessibility links

Мишель Платини UEFA президенті қызметінен кетеді


UEFA президенті Мишель Платини.
UEFA президенті Мишель Платини.

Еуропа футбол қауымдастығы одағының (UEFA) президенті Мишель Платини өзіне алты жыл бойы футболға қатысты қызметпен айналысуға салынған тыйымның күшін жоюға қол жеткізе алмаған соң ұйым жетекшілігінен кетпекші. 9 мамыр күні Лозаннадағы спорттық арбитраж соты Платиниге салынған тыйым мерзімін алты жылдан төрт жылға дейін қысқартуға ғана келіскен. Бұдан соң 60 жастағы Мишель Платини UEFA президенті қызметінен кететіні туралы мәлімдеген.

Платини 2011 жылы халықаралық футбол федерациялары ассоциациясынан (FIFA) екі миллион доллар төлем алғаны үшін былтыр FIFA президенті Зепп Блаттермен бірге этика кодексін бұзған деп танылған еді. Екеуі де «заңды бұзған жоқпыз» деп мәлімдеген.

UEFA президенті авдокатының мәлімдемесінде Платинидің өзі әділетсіз деп санайтын сот шешімінен «қатты көңілі қалғаны» және ұйымның келесі жиыны барысында отставкаға кететіні жайлы айтылған.

XS
SM
MD
LG