Accessibility links

Алматыда «Юбилейный» супермаркеті өртенді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Алматының орталығында жеті қабатты тұрғын үйдің астыңғы қабатында орналасқан «Юбилейный» супермаркеті өртенді. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт таңғы сағат беске таман супермаркетке жапсарлас кафеде шыққан.

«Сағат 5.23 кезінде өрт ошағында болған жарылыстан лап берген жалын әсерінен тұрғын үйдің бірінші қабатынан алтыншы қабатына дейінгі аралықтағы балкондардың қаптамасы жана бастаған. Өрттен 7 адам құтқарылып, тұрғын үйден 120 адам (арасында үш бала бар) эвакуацияланды. Иіс тиген бір адам ауруханаға жеткізілді» деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жеке құрамдағы 115 адам және 21 техника жұмылдырылған. Таңертеңгі сағат алты жарым кезінде өшірілген өрттің аумағы 1100 шаршы метрді құраған. Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр деп хабарлайды Алматы қалалық төтенше жағдайлар қызметі.

XS
SM
MD
LG