Accessibility links

Алматыда музыкант Болат Сыздықовпен қоштасты


Әнші Карина Абдуллина мен музыкант Болат Сыздықов (оң жақта) "Мюзикола" тобының жаңа альбомын таныстыру шарасында. Алматы, желтоқсан, 2008 жыл.

Әнші Карина Абдуллина мен музыкант Болат Сыздықов (оң жақта) "Мюзикола" тобының жаңа альбомын таныстыру шарасында. Алматы, желтоқсан, 2008 жыл.

Алматыда бүгін танымал музыкант, «Мюзикола» тобының негізін қалаушы Болат Сыздықовты ақтық сапарға шығарып салды. Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония ғимаратында өткен қоштасу рәсіміне қазақстандық өнер қайраткерлері, әншілер мен артистер, жұртшылық өкілдері қатысты.

Қаралы жиында Сыздықовпен бірге «Мюзикола» дуэтін құрған әнші Карина Абдуллина, Алматы әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйлеп, марқұмның музыка өнеріне арнаған өмір жолы мен ел-жұртына қалдырған шығармашылық мұрасы туралы айтты.

Қарағанды қаласында туып-өскен Болат Сыздықов 1976 жылдан бастап «Гүлдер» ансамблі қатарында, кейін «Арай» тобы құрамында гитарада ойнады. 1990-жылдардың басында «Арайдан» бөлініп шыққан музыканттармен бірге «Алма-Ата студио» тобын құрған. Кейін Мәскеу қаласына қоныс аударған топ атауы «А-студио» болып өзгерді. Бірақ көп ұзамай топ құрамынан кеткен Болат Сыздықов 1992 жылы әнші Карина Абдуллинамен бірге «Мюзикола» дуэтін дүниеге әкелген. Осы кезге дейін дуэт 10 диск шығарған, сонымен бірге 2009 жылы Сыздықовтың жеке орындауындағы шығармалар жазылған «Гитарные истории» дискі жарық көрген.

Музыкант Болат Сыздықов 7 мамырда, 60 жасқа толуына бір жарым ай уақыт қалғанда дүниеден өтті.

XS
SM
MD
LG