Accessibility links

Германияға келуші мигранттар азая бастады


Германиядағы сириялық босқындар. 4 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Германиядағы сириялық босқындар. 4 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Германияға келуші мигранттар азая бастады деп хабарлады елдің ішкі істер министрлігі. Ол елге биыл сәуірде - 16 мың, ал наурызда - 21 мың, ақпанда - 61 мың, қаңтарда 92 мың мигрант келген. Пана іздеушілердің көбі - Сирия, Ауғанстан мен Ирактан босқан адамдар.

Германияға келуші мигранттар азайғанымен босқын мәртебесін сұрап арызданушылар көбейген. Бұған себеп 2015 жылы жазылған арыздар қаралып жатқаны екенін айтады. Германия ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл сәуірде 61 мың өтініш түскен. Бұл 2015 жылдың сәуірімен салыстырғанда 125 пайызға артық.

2015 жылы Германияға 1,1 миллион мигрант келген. Ол адамдар пана сұрап ресми арызданғанша бірнеше ай өтеді.

XS
SM
MD
LG