Accessibility links

Ресейде "блогерді ФСБ тұтқындағаны" хабарланды


Ресейлік блогер Сергей Городишенин.

Ресейлік блогер Сергей Городишенин.

Ресейдің Вологда облысында ФСБ (федералдық қауіпсіздік қызметі) блогер Сергей Городишенинді тұтқындады деп хабарлады ПАРНАС партиясы аймақтық бөлімшесінің басшысы Лариса Трубицина.

"Росбалт" агенттігінің Трубицинаға сілтеме жасап хабарлауынша, ФСБ блогер Городишениннің пәтерін тінтіп, "интернеттегі әлдебір жазбасы жайлы, Макаров деген біреумен байланысы туралы сұрап жатыр".

"ОВД-Инфо" сайтының дерегінше, Сергей Городишенин Ресейдегі жүк көліктері жүргізушілерінің қарсылық шарасына қатысқан.

XS
SM
MD
LG