Accessibility links

Кремль Путиннің "Порошенко мен Маргвелашвилиді құттықтамау себебін" айтты


Ресей президенті Владимир Путин "Ажалсыз полк" акциясында әкесінің суретін ұстап тұр. Мәскеу, 9 мамыр 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин "Ажалсыз полк" акциясында әкесінің суретін ұстап тұр. Мәскеу, 9 мамыр 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Украина мен Грузия президенттері Петр Порошенко мен Георгий Маргвелашвилиді бұл елдермен арада саяси диалог болмағандықтан Жеңіс күнімен құттықтамады деп хабарлады Кремль.

«Тиісті деңгейде диалог жоқ, ал Грузиямен мүлдем жоқ" деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 10 мамыр күні.

Ресей президенті Владимир Путин 8 мамырда - Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 71 жылдығы қарсаңында 9 елдің және Абхазия мен Оңтүстік Осетия сепаратистік аймақтарының басшыларына құттықтау жолдаған.

XS
SM
MD
LG