Accessibility links

Бангладеште исламшылдар басшысына өім жазасы орындалды


Бангладештегі исламшылдар жетекшісі Мотиур Рахман Низами.
Бангладештегі исламшылдар жетекшісі Мотиур Рахман Низами.

Бангладештегі ең ірі исламшыл "Джамаат-и-Ислами" партиясының басшысы Мотиур Рахман Низами 1971 жылы ел тәуелсіздігі үшін Пәкістанға қарсы соғысында жасалған қылмыстар үшін өлім жазасы орындалды. Бангладеш әділет министрі Анисул Хактың хабарлауынша, 72 жастағы Мотиур Рахман Низами 11 мамыр күні таңертең Дакканың орталық түрмесінде дарға асылған. Өлім жазасы орындалар қарсаңында елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өткен аптада сот Низамидің өзіне қарсы үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмаған.

Бангладеште жүздеген адам Низамиге өлім жазасы орындалатынына қарсылық білдіріп, көшеге шықты. Низамидің жақтастары өлім жазасының орындалуына қарсы болып түрме алдына жиналды.

Низами соғыс кезінде Бангладеш интеллигенциясы өкілдерін өлтірді, зорлық-зомбылық көрсетті және өлтіруді жоспарлады деп айыпталған. 2013 жылы елде исламшылдар үстінен өткен сот қақтығыстарға ұласып, салдарынан 500-ге тарта адам мерт болған. Мыңдаған адам тұтқындалған.

XS
SM
MD
LG