Accessibility links

Матвиенко Қазақстандағы ресейліктерді медициналық қызметпен қамтуға шақырды


Валентина Матвиенко, Ресей Федерация кеңесінің спикері.

Валентина Матвиенко, Ресей Федерация кеңесінің спикері.

Ресей Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко бүгін Астанада қазақстандық депутаттарды Қазақстанда тұратын Ресей азаматтарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге шақырды.

Парламент сенаты депутаттары алдында сөйлеген Матвиенко "Біз Қазақстан билігін ресейлік азаматтардың өз құқығын толықтай іске асыруына септеседі деп санаймыз. Біз бұл мәселені ендігі талқыладық. Бірақ Қазақстанда тұрақты тұратын Ресей азаматтарының Ресейде тұратын Қазақстан азаматтары сияқты тегін медициналық қызмет алуы мәселесі реттеледі деп үміттенеміз" деп мәлімдеді Матвиенко.

Оның сөзінше, Ресейдегі Қазақстан азаматтары тегін медициналық қызметті толықтай пайдалана алады, бірақ Қазақстандағы ресейліктер тек жедел медициналық жәрдем қызметін ақысыз түрде пайдалана алады. Матвиенко мұндағы ресейліктер барлық медициналық тексеру мен дәрілерге өз қалтасынан төлейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG