Accessibility links

Ұлыбритания: Ресейлік күдікті қылмыстық топтың қаржылық чегі табылды


Лондон полициясы (Көрнекі сурет).

Лондон полициясы (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания полициясы ресейлік ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен 22 миллион доллардың чегін қолға түсірді деп хабарлайды Reuters агенттігі. Тергеу мәліметі бойынша, қылмыстық топ Лондон фьючерлік биржасын ресейлік екі компания, швейцария фирмасы мен британдық Виргин аралдарындағы инвестициялық топ арқылы қаржы жымқыруға пайдаланған.

Лондон полициясы Interсontinental Exchange Inc (ICE) қаржы айырбасы операторымен бірге фьючерлік биржадағы күдікті сауда-сатыққа қатысты жүргізген төрт айлық тергеуінен соң ресейлік брокер қаржы алаяқтығын жасады деген күдікпен ұсталғаннан алты аптадан соң төрт чекті қолға түсіргенін хабарлады.

"Біз тергеуде ресейлік күдікті ұйымдасқан қылмыстық топтың Лондон фьючерлік биржасын қылмыстық жолмен келген миллиондаған доллар қаржыны жасыру үшін пайдаланғанын анықтаймыз" деді Лондон полициясының қаржылық алаяқтық бөлімінің инспекторы Крейг Муллиш.

Лондон полициясының ақпаратына қарағанда, ресейлік брокер 23 наурызда Лондонда "алаяқтық жасады" деген күдікпен ұсталып, шілдеге дейін кепілмен босатылған. Ресейлік ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты полиция бұдан басқа ақпарат бермеген.

ICE операторынан әзірге бұған қатысты түсініктеме алу мүмкін болмай тұр.

XS
SM
MD
LG