Accessibility links

Павлодар соты журналист Барановты ақтады


Павлодарлық журналист Александр Баранов сот залында. Павлодар, 11 мамыр 2016 жыл. Сурет Pavon.kz сайты редакциясынан алынды.

Павлодарлық журналист Александр Баранов сот залында. Павлодар, 11 мамыр 2016 жыл. Сурет Pavon.kz сайты редакциясынан алынды.

Павлодар қалалық сотының судьясы Думан Серікбаев бүгін жергілікті журналист, жала жапты деп айыпталған Александр Барановты толықтай ақтады. Сот журналисті ақтап қана қоймай, оған қарсы жазылған азаматтық шағымды қанағаттандырудан бас тартты. Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған Pavon.kz сайтының редакторы Евгений Шультайстың айтуынша, сот айыптаушы тараптың Барановтан адвокат жалдауға кеткен шығынын өтеп беру туралы талабын да қанағаттандырмады.

Сот үкімін жариялауға қатысқан Александр Баранов сот шешіміне қанағаттанатынын білдірді. Жеке айыптаушы Ерлан Құсанов үкім оқылғанда сотта болған жоқ. Оның өкілі адвокат Людмила Шевченко Азаттық тілшісіне үкімге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Барановқа қатысты қылмыстық іс "Нефтехим LTD" компаниясының бұрынғы жетекшісі Ерлан Құсановтың жеке шағымы бойынша қозғалған. Құсанов шағымында ақпарат құралдарын пайдаланып өзіне "жала жапты" деп айыптаған. Құсанов Баранов өзінің Facebook-тегі парақшасында Құсановтың қызметінен өз еркімен кетуін 2016 жылы қаңтардың басында кәсіпорында бірнеше адам қаза тауып, зардап шеккен оқиғамен байланыстырған жазба жазды дейді. Құсановтың сөзінше, журналист бұдан өзге цехтардың бірінде есепке алынбаған өнім өндірілген деп жазған.

Құсанов Барановты қылмыстық кодекстің "жала жабу" бабы бойынша қылмыс жасады деп, одан азаматтық шағым бойынша "моральдық шығын" ретінде 10 миллион теңге өндіріп беруді талап еткен.

Баранов сот процесі кезінде Facebook-те Құсанов туралы жазба жазғанын, бірақ бір аптадан соң оны өшіріп тастағанын терістеген жоқ. Бірақ ол жазбасында Құсановты айыптағанын жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG