Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстардан ондаған адам мерт болды


Жарылыс болған жер. Бағдад, 11 мамыр 2016 жыл.

Жарылыс болған жер. Бағдад, 11 мамыр 2016 жыл.

Ирак астанасы Бағдад қаласында тағы бірнеше көлік жарылып, кемінде 10 адам қаза тапты. Бұдан бірнеше сағат бұрын қаланың шииттер тұратын Садр-сити ауданындағы базарда болған жарылыстан кемінде 63 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланған.

Жарылыстың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды.

Сәуір айының басынан бері Бағдадта бірнеше рет жарылыс болып, ондаған адам қаза тапқан.

Ирактың солтүстігі мен батысындағы көп жерге иелік етіп тұрған ИМ елдегі шииттерге жиі шабуыл жасайды.

XS
SM
MD
LG