Accessibility links

Бразилия соты Русефке қарсы импичмент процесін тоқтатудан бас тартты


Бразилия президенті Дилма Русеф.
Бразилия президенті Дилма Русеф.

Бразилия жоғарғы соты ел президенті Дилма Русеф адвокаттарының оған қарсы импичмент жариялау процесін тоқтату туралы апелляциялық шағымын қабылдамай тастады.

Бразилия парламентінің жоғарғы палатасы - сенат 11 мамырда Русефтің өкілеттігін тоқтату мүмкіндігін талқылай бастаған.

68 жастағы Дилма Русеф "2014 жылы президент сайлауы кампаниясында мемлекет бюджетінің шынайы көлемін жасырды" деп айыпталып отыр. Бұған дейін парламенттің төменгі палатасы бұл айып бойынша Русефке импичмент жариялауды қолдап дауыс берген. Русеф тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, өзіне қарсы істің артында оңшыл күштердің мүддесін қорғайтын саяси бәсекелестері тұр деп санайды.

XS
SM
MD
LG