Accessibility links

Пәкістанда үш әйелді "ар-намыс үшін" өлтірді


Пәкістан картасы (Көрнекі сурет).

Пәкістан картасы (Көрнекі сурет).

Пәкістанда ер адам әйелін, қайын енесі мен немере әпкесін "еркектермен байланыста болды" деген күдікпен атып тастаған деп болжанып отыр. Оған тағы екі адам көмектескен болуы мүмкін. Кісі өлтіру қылмысы Пенжаб провинциясында болған. Қазір қылмысқа қатысты күдіктілердің бәрі қашып жүр. Полиция оларды іздеп жатыр.

Пәкістанда "ар-намыс үшін өлтіру" кең тараған. Оның құрбандары көбіне "күйеуінің көзіне шөп салды" деген күдікке ілінген әйелдер немесе отбасының ықтиярына қарсы күйеуге шыққан қыздар болады. Өткен аптада Абботтабад қаласында құрбысына күйеуге шығу үшін қашып кетуіне көмектесті делінген жасөспірім қызды өлтіруге рұқсат берген оннан астам адам қамалған.

XS
SM
MD
LG