Accessibility links

АҚШ-та тағы бір өзбекстандық ИМ-ге қатысты айыпталды


ИМ содыры (Көрнекі сурет).

ИМ содыры (Көрнекі сурет).

АҚШ-та Өзбекстанның алтыншы азаматына "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын қолдау жөнінде сөз байласты" деген айып тағылды. 28 жастағы Азизджон Рахматов 11 мамырда қамалған. Оған қарсы қылмыстық іс Нью-Йорк штатының Бруклиндегі федералдық сотына жіберілген. Прокуратура Рахматов елдегі ИМ-ге қосылғысы келетіндерге көмектесетін топ құрамында болған және Сирияға кететіндерге қаржы жинаумен айналысқан дейді.

Бұған дейін тағы бір Өзбекстан азаматы, Бруклинде тұратын Абдурасул Джурабоев интернетте ИМ-ді қолдайтын жазба жазып, полицияның назарына ілігіп қалған. Тергеу барысында Джурабоев пен Бруклинде тұратын Қазақстан азаматы Акмал Закировтің Сирияға барып, содырларға қосылғысы келгені анықталған. Тергеушілер Рахматов пен бұл іс бойынша күдіктілер Аброр Хабибов, Дильхайот Касимов және Акмал Закиров 2015 жылы ақпанда Нью-Йорк әуежайында Стамбулға ұшпақ болғанда ұсталған Сайдахметовке ақша жинап берген дейді.

Өткен жылы тамызда Джурабоев кінәсін мойындаған.

XS
SM
MD
LG