Accessibility links

Шымкентте гендерлік теңдік жөнінде жиын өтіп жатыр


Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі жиын. Шымкент, 12 мамыр 2016 жыл.

Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі жиын. Шымкент, 12 мамыр 2016 жыл.

Бүгін Шымкенттегі Rixos Khadisha Shymkent қонақүйінде саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің пирнциптері тақырыбында семинар-тренинг өтіп жатыр.

Жиында халықаралық тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшілерді тыңдауға облыстағы аудан әкімдерінің орынбасарлары мен мәслихат депутаттары келген.

Жиынды президент жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы өкілдігі ұйымдастырған. Жиында гендерлік саясаттағы проблемалар, әйелдерді жұмыспен қамту, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері айтылды. Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенконың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы - өкілетті билік органдарында әйелдер ең аз қамтылған облыстардың бірі саналады.

Азаттыққа сұхбат берген тәуелсіз сарапшы Ілиясованың айтуынша, Оңтүстік Қазақстанда соңғы бес жылда әйелдерге қарсы қылмыс саны кәдімгідей артқан. Ол әйелдер өздеріне қатысты зорлық-зомбылық бойынша тиісті орындарға шағымданбайтынын, оны ұят санайтынын айтады. Сарапшы бұған қоса Қазақстанда әйелдерге қатысты жыныстық бопсалаушылыққа заңды түрде анықтама берілмегенін де айтады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG