Accessibility links

Тәжікстанда нөсер жауыннан жүздеген үйді су басты


Тәжікстанның Дарвоз ауданындағы су басқан үйлер. 12 мамыр 2016 жыл.
Тәжікстанның Дарвоз ауданындағы су басқан үйлер. 12 мамыр 2016 жыл.

Тәжікстанда нөсер жауыннан көшкін жүріп, жүздеген үйді су басты, жүздеген адам эвакуацияланды. Тәжікстан төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Ориф Нозимовтың айтуынша, 12 мамырға қараған түні Душанбеге жақын мыңға арта үй-жайды су басқан. Ол су басқан аудандардан жүздеген адам басқа жаққа әкетілгенін айтады.

Елдің басқа да бірнеше ауданынжа су басып, көшкін жүрген. Осы аптаның басында Тәжікстан билігі елдің солтүстігінде нөсер жауын салдарынан жүрген көшкіннен үш адам қаза тапқанын мәлімдеген. Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет азаматтарды нөсер жауыннан зардап шеккен аудандарға бармауға шақырады.

XS
SM
MD
LG