Accessibility links

Сағынтаев: "Жер мәселесі" жөніндегі комиссияға 75 адам кірді


Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев "жер мәселесі" бойынша құрылған комиссияның алғашқы отырысы 14 мамырда Астанада өтетінін хабарлады. Сағынтаевтың сөзінше, комиссия құрамына 75 адам: сенат пен мәжіліс депутаттары, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер кірген. Комиссия құрамына сонымен қатар биыл облыстық және Алматы мен Астана қалалық әкімдіктері жанынан құрылған қоғамдық кеңестер де тартылмақ. Ол комиссия жұмысы туралы ақпарат Jerturaly.kz порталына жарияланатынын айтады.

Қазақстан билігі "жер мәселесі" бойынша комиссия құру туралы өткен аптада жер кодексіне енгізілген бірнеше өзгерістің күшіне енуіне мораторий енгізген соң жариялаған. Мораторий Қазақстанда бірнеше қалада ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсы митингілер өткен соң енгізілген.

XS
SM
MD
LG