Accessibility links

Жер реформасы комиссиясында кімдер бары белгілі болды


Азаматтық белсенді Макс Боқаев ауыл шаруашылығы жерін сатуға және шетелдіктерге жалға беруге қарсы митингте сөйлеп тұр. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Азаматтық белсенді Макс Боқаев ауыл шаруашылығы жерін сатуға және шетелдіктерге жалға беруге қарсы митингте сөйлеп тұр. Атырау, 24 сәуір 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» өкімге қол қойды деп хабарлады primeminister.kz сайты.

Комисия жер кодексінің нормаларын талқылау, түсіндіру және ұсыныстарды дайындау үшін құрылған. Комиссия құрамына 75 адам: сенат пен мәжіліс депутаттары, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер кірген.

Ол 75 адамның арасында 24 сәуірде Атырауда өткен жер туралы митингіні ұйымдастырушылардың бірі Макс Боқаев, "ауылшаруашылық жерлерін үкіметтің шетелдіктерге жалға беруге қарсылық үшін құрылдық» деп мәлімдеген«Алаш жолы» қозғалысының өкілі Мақсат Ілиясұлы, өздерін оппозиция санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбай сияқты азаматтар да бар.

Наурыздың соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үкімет шілденің 1-інен бастап елде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырғанын хабарлаған. Сәуірдің 24-інен бері Атырау, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Ақтау, Жаңаөзен, Алматы,Орал қалаларында жер туралы заңға енгізілген өзгерістерге қарсы ірілі-ұсақты наразылық акциялары өткен.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғалардан соң, 5 мамырда жер кодексіндегі жұртты наразы еткен өзгерістердің күшіне енуіне осы жылдың соңына дейін мораторий жариялап, жер реформасы бойынша комиссия құруды бұйырған.

XS
SM
MD
LG