Accessibility links

Тұрғындары өтемақыны азсынады


Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Донецкое ауылын бір ай бұрын су басқан кезде жергілікті билік тұрғындардың шеккен шығындарын толық өтеп беруге уәде еткен. Кейін арнайы комиссия құрылып, табиғат апатынан жапа шеккендерге өтемақы бөліне бастаған. Бірақ Донецкое тұрғындарының кейбірі бүлінген үйлерін жөндеу үшін бөлінген қаржының көлеміне разы емес. Ал жергілікті билік «тұрғындардың наразы болуына еш негіз жоқ» деп біледі.

XS
SM
MD
LG