Accessibility links

Киев Мәскеумен "бауырластық байланысын" үзбек


Киевтің орталық көшесі (Көрнекі сурет).

Киевтің орталық көшесі (Көрнекі сурет).

Киев қалалық әкімшілігі Мәскеу басшылығын екі қала арасындағы бауырластық байланысты біржақты түрде бұзатынын ескертті.

Киев қалалық кеңесінің хатшысы Владимир Прокопив Facebook-тегі парақшасында "Мұндай хатқа қол қоюға мәжбүр болам деп ешқашан ойламадым" деп жазды.

Прокопивтің әлеуметтік желіде жариялаған құжатында Киев қалалық кеңесінің 11 ақпанда жазған шешіміне сілтеме жасалған. Онда "Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылығына, Қырымды аннексиялап, Донецк және Луганск облыстарының бір бөлігін оккупациялап алуына байланысты" Киев бұған дейін Мәскеумен арада қол қойған серіктестік және ынтымақтастық туралы барлық келісімдерді бұзатыны айтылған.

Ресей билігі Украина шығысындағы сепаратистерді қолдап, шиеленісті ушықтыруға қатысы барын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG