Accessibility links

Қырғызстанда "Халықтық парламент" мүшелеріне айып тағылды


"Халықтық парламент" қозғалысының жетекшілері. Бішкек, сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).

"Халықтық парламент" қозғалысының жетекшілері. Бішкек, сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қырғызстан билігі "Халықтық парламент" қозғалысының үш жетекшісін тұтқындап, айып таққанын хабарлады. Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, қозғалыс жетекшілеріне "үкіметті құлату" туралы сөз байласты деп айыпталған. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Бішкек құқық қорғау органдарындағы дереккөз бен куәгерлер тұтқындалған жетекшілер - Бекболот Талғарбеков пен оның көмекшілері Торобай Колубаев және Марат Сұлтанов екенін айтқан.

"Халықтық парламент" жетекшілері 12 мамырда қозғалыстың Бішкекте өткен жиынынан кейін олардың үйлеріне жасалған тінтуден соң ұсталған. Жиынға қатысқандар егер президент Алмазбек Атамбаев 17 мамырға дейін отставкаға кетпесе жаппай наразылық акцияларын өткізетінін ескерткен. Олар бұған қоса өздеріне "Ресей көмектесетінін" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG