Accessibility links

CPJ Ресейді "Крым.Реалии" сайтынан бұғауды алуға шақырды


Роскомнадзор сайтындағы "Крым.Реалии" сайтының бұғауланғаны туралы ақпарат.

Роскомнадзор сайтындағы "Крым.Реалии" сайтының бұғауланғаны туралы ақпарат.

Нью-Йоркте орналасқан халықаралық Журналистерді қорғау комитеті (Committee to protect journalists немесе CPJ) Ресей билігі Азаттықтың Қырым редакциясының "Крым.Реалии" сайтын шектеуді тоқтату қажет деп мәлімдеді.

"Ақпарат алу құқығы - бұл Ресей конституциясы мен бұл ел қол қойған келісімдерде қарастырылған құқық" деді CPJ-ның Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының зерттеушісі Музаффар Сулейманов. Оның сөзінше, билік бұл құқықты құрметтеп, сайтқа кіруге қойған шектеуді дереу алып тастауы тиіс.

12 мамырда Ресей аннексиялап алған Қырым прокуроры Наталья Поклонская "Крым.Реалии" сайтына кіруге бұғат қойылғанын мәлімдеген. "Қырым прокуратурасы жинаған материалдар бойынша Роскомнадзор бұл жобаны бұғаттау процедураларын жасайды" деген Поклонская ТАСС агенттігіне. Қырым прокуратурасы сайтында ведомство "Крым.Реалии" сайтын "экстремизммен күрес туралы заңнамаларды қаншалықты орындағанын" тексергенін хабарлаған.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосының бас редакторы Ненад Пеийч "Крым.Реалии" сайтының бұғаулануын "экстремизм сылтауымен Ресей мен Қырым аудиториясын аннексия туралы шындықты білуіне мүмкіндік бермеуді көздейтін басқыншылық әрекет" деп атаған.

"Крым.Реалии" сайты Ресей Қырымды Украинадан аннексиялап алған соң ашылған.

XS
SM
MD
LG