Accessibility links

Қазақстан футбол құрамасы Қытаймен жолдастық матч өткізеді


Қазақстан футбол құрамасы.
Қазақстан футбол құрамасы.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 7 маусымда Қытай ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізетінін жариялады. ҚФФ ресми сайтында хабарланғандай, жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге екі ел федерациялары арасында қол қойылған. Ойын Қытайдың Далянь қаласында өтеді.

ҚФФ хабарлауынша, Қазақстан спортшыларының барып-қайту, орналасу және басқа да шығындарын Қытай көтереді. Матчқа байланысты Қазақстан біріншілігіндегі бірден екі турнир ойындары шегеріледі. Бұл жайында шешім 18 мамырда жарияланбақ.

Қазақстан құрамасына бас жаттықтырушының кандидатурасы әлі бекітілген жоқ. Қазір жаттықтырушы міндетін оралдық "Ақжайық" командасының жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов атқарады. 2016 жылы қыркүйектің басында Қазақстан құрамасы 2018 жылы Мәскеуде өтетін футоболдан әлем чемпионатының іріктеу жарыстарын бастайды.

ҚФФ басшысы Ерлан Қожағапанов қазақстандық ақпарат құралдарына берген сұхбатында құрама бас жаттықтырушысына команданы әлем біріншілігінің ақтық кезеңіне дейін шығару міндеті қойылатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG