Accessibility links

Теміртаулық екі тұрғын "жиһадқа шақырды" деп сотталды


Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет)

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет)

Теміртау қаласының екі тұрғыны "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қатарына адам тартты деген айыппен сотталды.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін теміртаулық Валерий Хадикин мен Қуаныш Жұмағалиевті "терроризмді насихаттады, діни алауыздық тудырды және ИМ қатарына адам тартты" деп айыптады. Валерия Хадыкин сегіз жылға, Қуаныш Жұмағалиев бес жылға сотталды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар интернетке "шынайы мұсылман Сириядағы жиһадқа қосылуы тиіс" деген үндеумен материалдар салған.

Қазақстан билігі Сирия мен Иракта экстремистік топтар қатарында жүздеген қазақстандық соғысып жүргенін айтады.

XS
SM
MD
LG