Accessibility links

Астана "Сирия билігінің қадамын қолдайтынын" мәлімдеді


Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Ақорда, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова "Астана Сириядағы қақтығысты тоқтатуға қатысты халықаралық қауымдастықтың жұмсап жатқан күш-жігері мен Сирия билігінің қадамын қолдайтынын" мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін Астанада Сирияның Қазақстандағы елшісі Риад Хаддадпен кездесуінде айтты.

Гүлшара Әбдіхалықова бес елдің, оның ішінде Сирияның Қазақстандағы елшісінен сенім грамотасын қабылдаған. Қазақстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Сирия билігіне "Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүшелігіне кандидатурасын қолдағаны үшін" алғыс білдірген.

Өткен жылы сәуірде Астана сириялық бірқатар оппозициялық топ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанда Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөз өткізуді сұрағанын мәлімдеген. Өткен жылы мамырда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астана "келіссөз жүргізетін алаң" ұсынғанын мәлімдегенімен, келіссөзге кімдер қатысқаны жарияланбаған.

XS
SM
MD
LG