Accessibility links

Түркия: Күрдтермен қақтығыста 8 сарбаз мерт болды


Түркияның күрдтер басым тұратын Диярбакыр провинциясында жүрген түрік әскерилері.

Түркияның күрдтер басым тұратын Диярбакыр провинциясында жүрген түрік әскерилері.

Түркия әскерилері елдің оңтүстігінде үкіметтің сегіз сарбазы мен тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясының алты жасағы қаза тапқанын хабарлады. Әскерилер мәліметінше, үкіметтің алты сарбазы оңтүстіктегі Хаккари провинциясында күрд жасақтарымен қақтығыста қаза тапқан, сегіз сарбаз жараланған. Ал екі сарбаз Хаккариде әскери тікұшақ апатқа ұшырап қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ апатына техникалық ақау себеп болған. Ал алты күрд жасағы әскери операцияда мерт болған.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы зорлық-зомбылық 2015 жылы шілдеде Анкара мен Күрд жұмысшы партиясы арасында жасалған әлсіз бітім бұзылған соң күшейген.

Күрдтер Түркия билігінен автономия сұрап қарулы күрес бастаған 1984 жылдан бері қақтығыстардан 40 мыңға тарта адам құрбан болған.

XS
SM
MD
LG