Accessibility links

FIFA бас хатшысы қызметіне тұңғыш рет әйел тағайындалды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Халықаралық футбол федерациясы ұйымы (FIFA) бас хатшысы қызметіне осы кезге дейін БҰҰ даму бағдарламасының Нигериядағы тұрақты өкілі болып істеген Сенегал елінің өкілі Фатма Самура тағайындалды.

FIFA президенті Джанни Инфантино бас хатшы қызметіне Самураның тағайындалғаны туралы ұйымның конгресі кезінде хабарлады. Ол Фатма Самураны халықаралық ұйымдарда жұмыс атқарған іс-тәжірибесі бар әйел ретінде сипаттаған.

Бұған дейін FIFA бас хатшысы болып келген Жером Вальке коррупциялық іс-әрекеті үшін айыпталып, 12 жылға футболдан шеттетілген.

2015 жылы жазда New York Times басылымы Жером Вальке FIFA экс-вице-президенті, коррупциялық қылмыс бойынша айыпталған Джек Уорнердің есеп-шотына 2008 жылы 10 миллион доллар аударған деген күдікке ілініп отырғаны туралы хабарлаған. Тергеушілер оны 2010 жылы футболдан әлем чемпионатын Оңтүстік Африка республикасында өткізу туралы өтінішке қолдау білдіргені үшін берілген пара деп санайды.

XS
SM
MD
LG