Accessibility links

Венесуэла президенті елде төтенше жағдай жариялады


Венесуэла президенті Николас Мадуро.
Венесуэла президенті Николас Мадуро.

Венесуэла президенті Николас Мадуро жұма күні елде екі ай мерзімге төтенше жағдай жариялап, «ішкі және сыртқы дұшпандар үкіметті төңкеруге дайындалып жатыр» деп мәлімдеген.

Мадуро мәлімдеме жасамастан бірнеше сағат бұрын баспасөз брифингін өткізген америкалық барлау қызметінің аты-жөнін атамаған өкілдері Венесуэлаға коллапс қаупі төніп тұрғаны туралы ескерткен. Олардың сөзінше, Мадуро үкіметі екі оттың ортасында қалған: саяси оппозиция президентті биліктен кетіруге шақырып жүр, ал бұл кезде елде тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылыққа жиі ұласатын жаппай наразылықтар ұлғайып барады.

Дүкендерде ең қажетті азық-түліктердің тапшылығы, электр қуатын күніне бірнеше сағатқа ажырату, әлем бойынша ең үлкен инфляция көрсеткіші – осының барлығы елде өте қауіпті ахуалдың қалыптасуына алып келді, жақын бірнеше айда дағдарыс шырқау шегіне жетуі мүмкін деп ескертеді америкалық талдаушылар.

Венесуэла билігі биыл күзде сыртқы қарызды қайтаруға қажетті қаржы үнемдеу және дефолттың алдын алу үшін импорт көлемін күрт қысқартқан еді, бірақ бұл шара елде әртүрлі өнеркәсіптік тауарлар мен азық-түлік тапшылығын ушықтырып жіберген.

Америкалық барлау қызметі өкілдерінің сөзінше, АҚШ Венесуэладағы оқиғалардың дамуына ықпал етуге тырыспайды. Вашингтон елді жаппай дағдарыс құрдымынан құтқаруға жәрдемдесетін шаралар әзірлеу мақсатында аймақтағы елдердің үкіметтерімен байланыс орнатуды қолдайтынын айтады.

XS
SM
MD
LG