Accessibility links

Кабул «Хизб-и-Ислами» партиясымен келісімге келгенін мәлімдеді


«Хизб-и-Ислами» жетекшісі Гүлбеддин Хекматияр.

«Хизб-и-Ислами» жетекшісі Гүлбеддин Хекматияр.

Ауғанстан жоғары бейбітшілік кеңесі «Хизб-и-Ислами» радикалды тобымен (Ауғанстан ислам партиясы) бейбітшілік шартының негізгі баптары бойынша келісімге келгені туралы мәлімдеді. Оның егжей-тегжейі 15 мамырда жарияланады деп хабарланды.

Ауғанстан үкіметі мен «Хизб-и-Ислами» тобы өкілдері арасында келіссөздер 17 наурызда басталған. «Хизб-и-Ислами» жетекшісі Гүлбеддин Хекматияр бұл елдегі ең радикалды қарулы топ басшыларының бірі болып саналады.

Елдегі исламшылармен келісімге келу осы кезге дейін Ауғанстанда бейбітшілік орнату ісінде айтарлықтай табысқа қол жеткізе алмай келген президент Ашраф Ғани үкіметі үшін жетістік болып отыр.

Ауғанстан жоғары бейбітшілік кеңесі елдің бұрынғы президенті Хамид Қарзайдың тұсында радикалды исламшыл топтармен диалог орнату мақсатында құрылған.

2001 жылы АҚШ бастаған халықаралық коалиция күші терроризммен күресу үшін Ауғанстанға кіргеннен бері «Хизб-и-Ислами» тобының шетелдік және ауғанстандық әскерилерге қарсы ұйымдастырған шабуылдары салдарынан адамдар мерт болған.

XS
SM
MD
LG