Accessibility links

Эмомали Рахмон «Президент күні» туралы жарлыққа қол қойды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз инаугурациясы құрметіне арналған парадта. Душанбе, 16 қараша 2013 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон өз инаугурациясы құрметіне арналған парадта. Душанбе, 16 қараша 2013 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон бүгін бірқатар заң жобаларына, соның ішінде «Мейрам күндері туралы» заңға өзергістер енгізу туралы заң жобасына да қол қойды. «Мейрам күндері туралы» заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес, бұдан былай 16 қараша – Тәжікстан республикасы президентінің күні болып белгіленді. 2013 жылы 16 желтоқсанда Эмомали Рахмонның президенттік инаугурациясы өткен еді.

Рахмонның оппоненттері Тәжікстан президенті елде жеке басқа табыну дәстүрін енгізіп, билікке өзінің толып жатқан жақын-туыстарын тағайындады дейді.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар Тәжікстан билігін елде адам құқығын жүйелі түрде бұзып отыр деп сынайды.

XS
SM
MD
LG