Accessibility links

«Евровидение-2016» байқауында украиналық әнші Джамала жеңімпаз атанды


«Евровидение-2016» байқауының жеңімпазы, украиналық әнші Джамала. Стокгольм, Швеция, 15 мамыр 2016 жыл.

«Евровидение-2016» байқауының жеңімпазы, украиналық әнші Джамала. Стокгольм, Швеция, 15 мамыр 2016 жыл.

Стокгольмде өткен «Евровидение-2016» байқауында украиналық әнші Джамала шырқаған «1944» әні қазылар алқасы мен көрермендер берген жиынтық дауыс нәтижесі бойынша ең көп ұпай – 534 балл жинады. Жеңімпазға кәсіби жюри мүшелерінің берген жоғары бағасы шешуші роль атқарды. Көрермендер арасында жүргізілген дауыс беру нәтижесі бойынша Джамала екінші орынға шыққан еді.

You Are The Only One әнін орындаған ресейлік Сергей Лазарев телекөрермендер тарапынан ең көп қолдауға ие болғанымен, қазылар алқасының бағалауы бойынша бесінші орынға тұрақтағандықтан, жеңімпаз атануға оның ұпай саны жетпей қалды. Қорытындысында Лазарев биылғы байқауда үшінші орын иемденді.

Екінші орын Австралия әншісі Дэми Имге бұйырды. Бұл елдің өкілі осымен екінші жыл қатарынан «Евровидение» ән байқауына қатысты.

XS
SM
MD
LG