Accessibility links

АҚШ Иранды ар-ождан тұтқындарын дереу босатуға шақырды


Иранда 2008 жылы 14 мамырда түрмеге қамалған бахаи діни қауымы жетекшілері.
Иранда 2008 жылы 14 мамырда түрмеге қамалған бахаи діни қауымы жетекшілері.

АҚШ Иранды қамаудағы бахаи діни қауымы жетекшілерін өзге де ар-ождан тұтқындарымен бірге дереу бостандыққа шығаруға шақырды.

Иран билігі осыдан сегіз жыл бұрын елдегі бахаи діни қауымының жеті жетекшісін ұстап, «тыңшылық жасаған» және «исламға қарсы үгіт-насихат жүргізген» деп айыптап, түрмеге қамаған. Оларды әу баста 20 жылға бас еркіндігінен айырған, кейін жаза мерзімін 10 жылға қысқартқан.

«Біз халықаралық қауымдастықпен бірге оларды ұзақ мерзімге түрмеге қамауды айыптаймыз және Иранды елдегі өзге де ар-ождан тұтқындарымен бірге оларды дереу түрмеден босатуға шақырамыз» деген 14 мамырда АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысы Джон Кирби.

Ирандағы бахаи діни қауымы жетекшілерінің түрмеге қамалғанына сегіз жыл толғанына орай жарияланған мәлімдемеде АҚШ тарабы Иранды «өз ұлттық заңын сақтауға және барша азаматтарға сөз, ар-ождан, дін бостандығы мен бейбіт жиын өткізу еркіндігіне кепілдік беретін халықаралық міндеттемелерін орындауға» шақырған.

Иранда ресми діни ұйым мәртебесі жоқ бахаи сенімін ұстанатындарды қудалауға салады.

Жаратушының жалғыз, күллі адамзаттың рухани бірлігі мен барша адамдардың теңдігін танитын бахаи сенімі 19-ғасырдың ортасында қазіргі Иран жерінде пайда болған.

XS
SM
MD
LG