Accessibility links

Солтүстік Корея билігі ұсталған ресейлік яхтаға кетуге рұқсат бергенін айтқан


Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы шекарада. (Көрнекі сурет.)
Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы шекарада. (Көрнекі сурет.)

Солтүстік Кореяның Хамгён-Пукто провинциясы билік орындары осы елдің теңіздегі күзет қызметі ұстаған ресейлік «Элфин» яхтасы Солтүстік Корея аймағынан шығуға рұқсат алғаны және Кимчхэк портынан аттанғаны туралы Ресей дипломаттарын хабардар еткен. Бұл туралы Солтүстік Кореяның Чхонджин қаласындағы Ресей бас консулы Юрий Бочкаревке сілтеме жасап «Новости» агенттігі хабарлады.

Ресей дипломаты Хамгён-Пукто провинциясы әкімшілігінің сыртқы байланыс басқармасы жетекшілігімен кездескен. «Олар Кимчхэк пен ел аумағынан кетуге рұқсат барын ғана айтты, басқа ешқандай түсініктеме берілген жоқ» деген Бочкарев.

Ресейлік спортшылар мінген яхтаны 13 мамырда Солтүстік Кореяның теңіздегі күзет қызметі ұстаған. Оқиғаның жай-жапсары әзірше белгісіз. Оңтүстік Кореядағы Пусан қаласында өтіп жатқан спорттық жарысқа қатысуға барған желкенді қайықта капитан мен экипаждың төрт мүшесі болған.

Ресей елшілігі өз елі азаматтарының ұсталуына байланысты Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігі мен сол елдің халықтық қарулы күштер министрлігіне сауал жолдағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG