Accessibility links

Нетаньяху Францияның бейбіт бастамасын сынады


Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі.

Беньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Францияның палестиналықтармен бейбіт келіссөзді қайта жалғастыру туралы бастамасын қолдамады. Нетаньяхудың мәлімдеуінше, келісімге келудің ең жақсы тәсілі - ешқандай алдын ала талаптар қоймай бейбіт келіссөз жүргізу болып саналады. Ол "кез-келген өзге әрекет бейбіт келіссөзді алыстатып, палестиналықтардың қақтығыстың түп негізін талқылаудан қашқақтауына мүмкіндік беретінін" айтады.

Нетаньяху бұл жайында Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Айроның Израильге сапары кезінде айтты. Айро сапар барысында Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездесуі тиіс.

Осы айдың соңында Парижде аймақтағы бейбіт процесті талқылауға арналған халықаралық кездесу өтпек. Палестиналықтар бұл бастаманы қоштаған. АҚШ ара ағайындық келіссөздің соңғы кезеңі 2014 жылы сәтсіз аяқталған.

XS
SM
MD
LG