Accessibility links

Досаев "Бәйтерек" холдингін басқаратын болды


"Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы Ерболат Досаев.

"Бәйтерек" ұлттық холдингінің басшысы Ерболат Досаев.

Бұрынғы ұлттық экономика министір Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Досаевты холдинг ұжымына бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов таныстырған.

45 жастағы Ерболат Досаев ұлттық экономика миинстрі қызметінен елдің бірнеше аймағында үкіметтің «жер сату» жоспарына қарсылық білдірген шерулер өтіп жатқан шақта - 5 мамырда қызметінен кеткен. "Жер дауы" наурыздың соңында Досаевтың биыл 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің жеке меншікке аукцион арқылы сатылатыны және шетелдіктерге жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартылатыны туралы мәлімдемесінен соң басталған. Жер заңына үкімет ұсынған өзгерістерді былтыр күзде парламент енгізіп, президент бекіткен еді.

Досаевқа дейін "Бәйтерек" холдингін Қуандық Бешімбаев басқарған. Бешімбаев кейін Досаевтың орнына ұлттық экономика министрі болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG