Accessibility links

Қырым татарлары сталиндік депортацияны еске алды


Қырым татарларының сталиндік депортацияға ұшырағанына арналған бейне (Көрнекі сурет).

Қырым татарларының сталиндік депортацияға ұшырағанына арналған бейне (Көрнекі сурет).

Ресей аннексиялап алған Қырымда Қырым татарларын 1944 жылы түбектен депортациялағанына 72 жыл толуына арналған "Восхождение на Чатырдаг" деп аталатын акция өтті. Акцияға үш мыңнан астам адам қатысты. Жиналғандар алдында сөйлеген Қырым мүфтиінің орынбасары Айдер Исмаилов Қырым татарларын "қандай жағдайда болмасын рухын түсірмей, қашан да бірге болуға" шақырды.

Пикет түрінде депортацияны еске алуға арналған акция Төменгі Новгород қаласында да өтті. Акцияны "Солидарность" қоғамдық қозғалысының жергілікті бөлімшесі ұйымдастырды. Пикетке он шақты адам қатысты. Олар қолдарына сталиндік қуғын-сүргіннің қайталанбауына шақыратын плакаттар ұстап шықты.

1944 жылы Сталин басқарған совет мемлекетінде Қырым татарларын депортациялағанына 18 мамыр күні 72 жыл толады. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде «неміс және румын оккупанттарымен бірге жұмыс істеген» деген желеумен совет өкіметі 200 мыңнан астам Қырым татарын мал таситын вагондарға мінгізіп, Ресей мен Орталық Азияның қиыр түкпіріне жер аударған.

XS
SM
MD
LG