Accessibility links

Nakanune.kz ісінде судьяға қарсылық білдірді


Гузяль Байдалинова, журналист. Алматы, 16 мамыр 2016 жыл.

Гузяль Байдалинова, журналист. Алматы, 16 мамыр 2016 жыл.

Алматыда өтіп жатқан "Казкоммерцбанкке" қатысты көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату ісі бойынша сот процесінде адвокаттардың бірі судья Нариман Бегалиевке қарсылық білдірді. Қарсылықты банкке қатысты мақалаларға "тапсырыс берді" деген күдікті Тайыр Қалдыбаевтың адвокаты Эльвира Боханова білдірді. Сотталушылар қатарында оппозициялық Nakanune.kz порталының иесі әрі редакторы Гузяль Байдалинова да бар.

Судья Нариман Бегалиев Бохаонва берген өтініштен соң сот залынан шығып кетті.

Судьяға қарсылыққа дейін сотта екі куәгер сұралды. Куәгер Махамбет Әуезов Тайыр Қалдыбаевтан "Казкоммерцбанк" туралы мақалалары үшін ақша алғанын, оны осы іс бойынша өзге куәгер Рафаэль Балгинге бергенін, Балгин Nakanune.kz қызметкерлеріне "ақша бергенін" айтты. Әуезовтің сөзінше, Тайыр Қалдыбаев оған мақалалар желісін жіберіп отырған, ал мақаланы жариялауға өзі дайындаған. Оның сөзінше, әрбір мақала үшін ол бес мың доллар шамасында ақша алған. Барлығы 40 шақты мақала шыққан.

Бүгін сотта сұралған журналист Назира Дәрімбет "Жанна Бисарова" деген бүркеншік атпен жарияланған " мақалаларға қатысы жоғын айтты. Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевпен болған сұхбат жайлы мақала "Казкоммерцбанк" беделіне кір келтіретін" мақалалардың бірі аталады.

Айыптау құжаты бойынша, Қалдыбаев "Деловая неделья" газетінің бас редакторы Махамбет Әуезовпен сөз байласып, "Казкоммерцбанк" туралы мақалаларға тапсырыс берген. Әуезов ол мақалаларды таныс журналистері Рафаэль Балгин мен Анатолий Иванов арқылы Nakanune.kz-те жариялаған.

Бұған дейінгі сотта Қалдыбаев айыбын ішінара мойындайтынын мәлімдеген. Байдалинова айыбын мойындаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG