Accessibility links

Талғар ауданында "жер туралы жазған" тұрғынды полиция ұстады


Полиция ұстап әкеткен Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Манас Әбдіманап.

Полиция ұстап әкеткен Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Манас Әбдіманап.

Алматының Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны Манас Әбдіманапты бүгін полиция ұстап алып кетті. Бұл туралы Азаттыққа Манас Әбдіманаптың ағасы Ерболат Әлқожа хабарлады.

Әлқожаның сөзінше, інісін полиция бүгін түскі сағат 12 шамасында Бірлік ауылында үйінен алып кеткен.

- Екі қызметтік көлік, бір жай көлікпен келген полицейлер себебін не үшін келгендерін айтпастан Манасты көлікке күштеп үйден шығарып, көліктеріне отырғызып алып кетті. Өздерімен бірге Манастың ұялы телефоны, ноутбугін де әкетті, - деді Ерболат Әлқожа.

Оның сөзінше, Манас Әбдіманапты қазір Талғар аудандық ішкі істер басқармасында ұстап отыр. Ол полиция бөлімі алдында өзін кіргізбей тұрғанын айтады. Әлқожа інісінің Facebook әлеуметтік желісінде жер мәселесіне қатысты ойларын, жерді жалға беруге қарсылығын білдіріп жүргенін айтады.

Азаттық Манас Әбдіманаптың ұсталғанына қатысты түсінік алмақ болып Талғар аудандық ішкі істер басқармасына хабарласқанымен, басқарманың кезекші қызметі телефон қоңырауына жауап бермеді.

XS
SM
MD
LG