Accessibility links

«Нұр Отан» Алматыда жер жайлы жиын өткізді


"Нұр Отан" партиясының орталық аппараты. (Көрнекі сурет)
"Нұр Отан" партиясының орталық аппараты. (Көрнекі сурет)

Алматы қаласында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен жер мәселесі жайлы дөңгелек үстел өтті деп хабарлады билік партиясының сайты.

Жиынға ғылым және шығармашылық саласының жүзге жуық өкілі қатысқан.

«Нұр Отан» сайтының дерегінше, жиынға қатысқандар «жер реформасын халық арасында түсіндіруге белсене атсалысатынын» айтқан.

«Шетелдік инвестицияларды тартып, ауыл шаруашылық жерлерді өңдеудің заманауи технологияларынан неге бас тартуымыз керек? Бұл дұрыс емес. Сол себепті мен шетелдік инвесторлардың жерді жалға алуын қолдаймын» деген жиында сөйлегендердің бірі Мұрат Жұрынов.

Қазақстанда наурыздың соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «үкімет шілденің 1-інен бастап елде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырғанын» хабарлаған. Одан кейін сәуірдің 24-інен бастап Атырау, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Орал сияқты қалаларда жер туралы заңға енгізілген өзгерістерге қарсы ірілі-ұсақты наразылық акциялары өткен.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғалардан соң, 5 мамырда жер кодексіндегі жұртты наразы еткен өзгерістердің күшіне енуіне жыл соңына дейін мораторий жариялап, жер реформасы бойынша комиссия құруды бұйырған.

Үкімет жанынан құрылған жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы 14 мамырда Астанада өтті.

XS
SM
MD
LG