Accessibility links

Статистика комитеті: Қазақстаннан кеткендер саны көбейді


Алматы әуежайында қажылық сапарға ұшайын деп отырған жолаушылар (Көрнекі сурет).
Алматы әуежайында қажылық сапарға ұшайын деп отырған жолаушылар (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 2016 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан азаматтығынан шыққандар саны артып, қабылдағандар саны азайды деп хабарлады ұлттық экономика миинстрлігінің статистика комитеті.

Ресми мәлімет бойынша, биыл алғашқы үш айда 5 мың 434 адам Қазақстан азаматтығынан шыққан, бұл өткен жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 20,3 пайызға көп. Ал 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 3 мың 53 адам Қазақстан азаматтығын қабылдаған. Бұл - өткне жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26,7 пайызға аз.

Комитет ақпаратына қарағанда, негізгі миграциялық алмасу ТМД елдерімен жасалады. Биыл Қазақстанға келгендердің 75,2 пайызы ТМД елдерінен шыққан, ал кеткендердің 87,7 пайызы ТМД елдеріне кеткен.

XS
SM
MD
LG