Accessibility links

Палестина-Израиль саммиті кейінге қалдырылды


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.

Франция президенті Франсуа Олланд бүгін палестин-израиль бейбіт келіссөзін қайта бастау жөніндегі халықаралық конференция кейінге қалдырылатынын мәлімдеді. Олланд 30 мамырда Парижде өтеді деп жоспарланған саммитке АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қатыса алмайтынын айтты.

Бұдан бір күн бұрын Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Айро 20 мемлекеттің ресми өкілдері қатысатын, бірақ Израиль мен Палестинаның өкілдері болмайтын саммит Тель-Авивтің сынына қарамастан өтетінін мәлімдеген.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху 15 мамырда палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы келісімге келудің ең жақсы тәсілі - ешқандай алдын ала талаптар қоймай бейбіт келіссөз жүргізу болып саналатынын мәлімдеген.

АҚШ ара ағайын болған палестин-израиль келіссөзінің соңғы кезеңі 2014 жылы сәтсіз аяқталған.

XS
SM
MD
LG