Accessibility links

Қырғызстанда оппозицияның тағы бір мүшесі ұсталды


Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәлімдеуінше, "Халықтық парламент" оппозициялық қозғалысының тағы бір мүшесі ұсталды. Арнайы қызметтің мәліметінше, Г.А. деп аталған ер адам өзін тінтуге қарсылық білдіріп, МҰҚК қызметкерлеріне қару мен жарылғыш зат қолданатынын айтып доқ көрсеткен. Оған тергеуге кедергі келтірді және билік өкіліне доқ көрсетті деген айып тағылған.

Қырғызстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұтқындалған адам - "Халықтық парламент" қозғалысының қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Гусев. Өткен аптада қозғалыстың үш мүшесі ұсталған. Оларға "билікті күшпен құлату мақсатында" астыртын сөз байласты деген айып тағылған. Ресми болжам бойынша, ұсталғандар президент Алмазбек Атамбаев 17 мамырға дейін қызметінен кетпесе жапапй наразылық акциясын ұйымдастыру жоспарын талқылаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG