Accessibility links

Алматыда нөсер жауыннан жиырма шақты үйді су басты


Алматы маңында болған су тасқыны. 23 шілде 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Алматы маңында болған су тасқыны. 23 шілде 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Алматыда нөсер жауыннан жиырма шақты үй мен жүзден астам ауланы су басты. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, барлығы 18 жер үй мен 109 ауланы су басқан. Су басу туралы ақпарат 16 мамыр күні кешке түскен.

Департаментің 17 мамыр күні кешке таратқан ақпаратына қарағанда, Алатау ауданында 87 үй мен ауланы су басқан, Наурызбай және Жетісу аудандарының әрқайсысында оннан астам үй мен ауланы су басқан.

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда алдағы тәуліктерде бұлтты ауа-райы сақталып, өткінші жаңбыр жауады.

XS
SM
MD
LG