Accessibility links

Алматыда белсенділер әкімшілік қамауға алынды


Бақытжан Төреғожина, құқық қорғаушы.

Бақытжан Төреғожина, құқық қорғаушы.

Алматыда құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина, Марат Уатхан мен Сүйіндік Алдабергенов және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) мүшесі "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру" айыбы бойынша 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Азаттыққа сотқа қатысқан адвокат Жанар Балғабаева хабарлады.

Бақытжан Төреғожина кеше кешке өзін және тағы бірнеше азаматты полицейлер ұстап, Алматының ауданаралық әкімшілік сотына апара жатқанын, өздерін әкімшілік жазаға тартпақ екенін хабарлаған еді. «Мені 488-бап, яғни "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру" бабы бойынша айыптап отыр. Менімен бірге полиция көлігінде отырған Геройхан Қыстаубаевқа "бұзақылық" бабы бойынша айып таққан, ал Алтын Әділова, Сүйіндік Алдабергенов пен Құрал Исмановқа 488-бап бойынша айып тағып жатыр» деген Бақытжан Төреғожина Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Сотқа барғанымен, кіре алмай сыртта күткен азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев мен қала тұрғыны Жазира Толғанбаеваның айтуынша, кешкі сағат 19 шамасынан басталған сот түн ортасында аяқталған. Сот Төреғожина, Уатхан, Алдабергенов пен Қуат Күнболатов есімді азаматты 488 бап бойынша айыптап, 15 тәулікке абақтыға жапқан. Ал Құрал Исмановты босатқан.

- Түнгі сағат 12 шамасында соттан туыстарына үйден бұл кісілердің киім-кешегін алып келе беруді сұрады, - деді Жазира Толғанбаева.

Қазір Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында кеше ұсталған Мөлдір Адылованың сот залына алып кетті.

Ермек Нарымбаевтың айтуынша, Геройхан Қыстаубаевқа қатысты сот бүгін өтуі керек.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG