Accessibility links

Атырауда митингке қатысқан тұрғын қамалғаны хабарланды


Атырауда 24 сәуірдегі "жер сатуға" қарсы митингте сөйлеген тұрғын Қасым Қожантаев үш күнге әкімшілік қамауға алынды. Қожантаев туыстарының Азаттыққа айтуынша, қамау изоляторының қызметкерлері Қожантаевпен кездесуге жібермей отыр. Қожантаевтың әйелі Шынар Елманова абақты қызметкерлері өздеріне күйеуінің үш тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын айтқан.

Елманованың сөзінше, кеше күйеуіне қалалық прокуратураға тергеуге келу туралы шақыру қағазы тапсырылған. Қожантаевтың туыстарының айтуынша, оның ауылшаруашылығы мақсатындағы 5 миллион теңге несие қарызы болған. Туыстары оның соттың осы несиені төлету туралы бұған дейін қабылдаған шешімін орындамауына байланысты байланысты болуы мүмкін дейді. Сот шешімін орындау мерзімі 20 мамырда аяқталмақ. Олар Қожантаев 18 мамырда таңертең қалалық прокуратураға барғанда сот орындаушысы күтіп алғанын айтады.

Азаттық тілшісіне қалалық прокуратурадан бұған қатысты түсініктеме алу әзірге мүмкін болмады.

Атырауда 24 сәуірде өткен митингте жиналғандар үкіметтің ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарына қарсылық танытқан. Митингіге түрлі мәліметтер бойынша 700-ден бірнеше мыңға дейін адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG