Accessibility links

АҚШ конгресі комитеті әлемдік Магнитский актісін мақұлдады


Ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің суреті бейнеленген төсбелгі (Көрнекі сурет).

Ресейлік заңгер Сергей Магнитскийдің суреті бейнеленген төсбелгі (Көрнекі сурет).

АҚШ конгресі комитеті әлемдегі адам құқығын бұзушыларға қарсы, 2012 жылы қабылданған "Магнитский актісі" негізінде дайындалған заң жобасын мақұлдады. "Магнитский актісі" Вашингтонның ұйғарымынша адам құқығын бұзуға қатысы бар делінетін ресейліктердің активін бұғаулап, виза беруден бас тартуды көздейді.

18 мамырда комитет мүшелері конгресмендердің бірі Дан Рохрабахердің заң жобасы атауынан ресейлік заңгер Сегрей Магнитскийдің аты-жөнін алып тастау туралы ұсынысын қабылдамай тастады. Сергей Магнитский ресейлік шенеуніктерді салықтан жаппай жалтарды деп айыптап, 2009 жылы түрмеде қаза тапқан. Оның жақтастары заңгерді түрмеде қинап, азаптаған деп санайды. Рохрабахер заң жобасын заңгердің атымен атау Мәскеуді арандататынын айтып, Магнитскийдің өліміне қатысты жайттар түпкілікті анықталмағанын мәлімдеді.

Заң жобасы енді өкілдер палатасына жолданады. Мәскеу 2012 жылы "Магнитский актісінің" қабылдануына қатты наразылық танытқан. Кремль бұл құжатты "Ресейдің егемендігін бұзу" деп атаған.

XS
SM
MD
LG