Accessibility links

ДДҰ: Зика вирусы Еуропаға да таралуы мүмкін


Зика вирусын тарататын Aedes aegypti деп аталатын маса түрі (Көрнекі сурет).
Зика вирусын тарататын Aedes aegypti деп аталатын маса түрі (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Зика вирусы алдағы бірнеше айда Еуропаға да таралуы мүмкін екенін ескертті. ДДҰ-ның 18 мамырда таратқан есебінде вирус таралуы мүмкін ең қауіпті деген аймаққа Португалияның Мадейра аралы, Ресей мен Грузияның және Абхазияның Қара теңіз жағалаулары кіреді. Себебі вирусты тарататын маса түрлері осы аймақтарда мекендейді.

Вирус таралуы мүмкін деген елдер қатарында Хорватия, Түркия, Грекия, Болгария, Румыния, Словения, Албания, Босния мен Герцеговина, Черногория бар.

Зика вирусы Бразилияда 2015 жылы пайда болғаннан бері 50 елде тіркелген. Маса арқылы таралатын вирус жаңа туған балалардың басы мен миы көлемі кішірейіп, неврологиялық ауруларға шалдығуына себепкер болады.

XS
SM
MD
LG