Accessibility links

Қарағанды облысының экс-әкімі мерзімінен бұрын шартты түрде босады


Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі кезінде. Астана, 25 қазан 2013 жыл.

Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі кезінде. Астана, 25 қазан 2013 жыл.

Қарағанды соты бүгін Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот шешімі бойынша, Әбдішевке 1 жыл 4 ай сынақ мерзімі тағайындалды.

2014 жылы күзде қамалған Бауыржан Әбдішев - 2015 жылы экс-премьер Серік Ахметовтің ісі бойынша коррупция айыбымен сотталған 21 адамның бірі. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Биыл наурызда Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы оның жазасын 3 жылға дейін азайтқан. Әбдішевтің өтелмеген жаза мерзімі 1 жыл 3 ай болған.

Биыл сәуірде осы іс бойынша сотталған Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов та шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Алғашқы сот инстанциясы оны коррупция айыбымен 3 жылға соттаған. Смағұловтың шағымын қараған апелляциялық сот инстанциясы жаза мерзімін 2 жылға дейін азайтқан.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағанды қаласы және облысының бұрынғы шенеуніктерінің ісі бойынша сот 2015 жылы желтоқсанда аяқталған. Іс бойынша 21 адам сотталған. 12 сотталушы үкімге қарсы шағым берген. Биыл наурызда апелляциялық инстанция Серік Ахметовтің жазасын 10 жылдан 8 жылға азайтқан.

XS
SM
MD
LG