Accessibility links

Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды


Геннадий Головкин.

Геннадий Головкин.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақта Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Бұл туралы WBC ресми сайтында хабарланған.

Орта салмақта осыған дейінгі WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес чемпиондық атақтан бас тартқан.

WBC бұған дейін Головкин мен Альварес бір-бірімен кездесуін міндеттеген және екі боксшының проумоутерлік компанияларына 21 мамырға дейін бір келісімге келуді тапсырған еді.

Головкин - WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Енді ол WBO тжырымы бойынша атақты алса онда орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болады.

Головкин кәсіпқой бокста 35 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG