Accessibility links

Ауғанстанда Әзербайжан жүк ұшағы апатқа ұшырады


Апатқа ұшыраған ұшақ (Көрнекі сурет).

Апатқа ұшыраған ұшақ (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның оңтүстігінде Әзербайжанның жүк тасымалдайтын ұшағы апатқа ұшырап, бортында болған жеті адам қаза тапты.

АҚШ-тың Ауғанстандағы әскерилері өкілінің хабарлауынша, ұшақ 18 мамырда Гильменд уәлаятындағы Кэмп Дуайер базасынан ұшып шығатын кезде апатқа ұшыраған. Ұшақ құлайтын кезде бортында тоғыз адам болған.

АҚШ әскерилері өкілі тірі қалған екі адам Кандагардағы аэродромға емдеуге жеткізілгенін айтады. Базадан ұшып шығатын кезде ұшақтың бір қанаты ұшу жолағын сырып өткен.

Ұшақ Әзербайжанның Silk Way Airlines компаниясына тиесілі болған.

Ақпараттарға қарағанда, экипажда бес әзербайжандық, үш украин және бір өзбек ұшқышы болған.

XS
SM
MD
LG